Иранның үш билік басшылары: Бүлікшілердің істері заң бойынша қаралуы тиіс
(last modified Sun, 18 Dec 2022 11:54:26 GMT )
Жел 18, 2022 17:54 Asia/Almaty
  • Иранның үш билік басшылары: Бүлікшілердің істері заң бойынша қаралуы тиіс

Иранның атқарушы, заң шығарушы және сот органының басшылары бүлікшілердің істері заң және шариғат ережелері бойынша қаралуы керегін баса айтты.

Иран Президенті Ибрахим Раиси, Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф және Жоғары сот төрағасы Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи сенбі күні: "Бүлік пен бейберекеттік жасаушылардың істері заң және шариғат ережелері бойынша қарастырылуы керек",-деп баса айтты.  

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның үш билік басшылары халықтың ризашылығын алып, жалпы сенімге ие болу үшін осы үш органдағы барлық жауапты тұлғалардың үздіксіз талпыныс жасауын талап етті.