Теһранда «Ирандық челле, жаһандық Ялда» фестивалі өтуде
Жел 20, 2022 13:39 Asia/Almaty
Ялда түні рәсімі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік материалдық емес мұралар тізіміне тіркелгеннен кейін Теһрандағы «Лале» қонақүйінің алаңында «Ирандық челле, жаһандық Ялда » көрмесі мен фестивалі ұйымдастырылып, адамдар, туристер мен қызығушылық танытқандар Иранның бай салт-дәстүрімен мен мәдениетімен танысуда.
«Ирандық челле, жаһандық Ялда» көрмесі мен фестивалінде қолөнердің барлық түрлері, ирандық қолдан тоқылған кілемдер, қарбыз мен анар сияқты Ялда түнінің негізгі жемістері қойылды.