Иранның БҰҰ-дағы елшісі АҚШ үкіметінің саясатын сынады
(last modified Tue, 20 Dec 2022 07:40:45 GMT )
Жел 20, 2022 13:40 Asia/Almaty
  • Иранның БҰҰ-дағы елшісі АҚШ үкіметінің саясатын сынады

Иранның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі АҚШ-тың біржақты саясаттарын сынап: «Қысым, қорқыту және қарсыласу шешім емес және ешқайда апармайды» деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Саид Ирвани  кеше, дүйсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарары мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуына қатысты мерзімді және кезекті отырысында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын оның ағымдағы жағдайының негізгі тамырларын, яғни АҚШ-тың 2018 жылғы 8 мамырдағы келісімнен шығуын шешу арқылы ғана қалпына келтіруге болады. Бүгін, күткендей, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандануын қолдайтындықтарын тағы да білдірді және   оны толық жүзеге асыруға шақырды. Қысым, қорқыту, қарсыласу шешім емес, ешқайда апармайтыны анық»,- деді.

Ирвани Иранның келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін және қолайлы шешімге қол жеткізу үшін ынтымақтасатынын мәлімдеп: «Егер АҚШ нақты саяси ерік-жігер көрсетіп, қанағаттанарлық шешімге жұмыс істеуге дайын болса және өз міндеттемелерін толық орындауға келіссе, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол жеткізуге болады»,- деп айтты.