Ирандағы Ялда түні рәсімдері
(last modified Wed, 21 Dec 2022 10:38:42 GMT )
Жел 21, 2022 16:38 Asia/Almaty

Иранның солтүстік-батысындағы Әзірбайжан аймағы халқы жылдың ең ұзақ түнін тойлау үшін өздерінің дәстүрлі рәсімдерін өткізуге керек нәрселерлі сатып алуда.

Iran Press агенттігінің Табриздегі тілшісі әлемнің ең үлкен жабық дәстүрлі базары және Табриз халықаралық көрмесін аралап, халықтың Ялда түніне дайындығы көңіл-күйінің бір бұрышын түсірді.

Әзірбайжан аймағындағы ең көне әдет-ғұрыптардың бірі - жыл сайын әзербайжандық отбасылары арасында керемет түрде өткізілетін «Чилле Геже Си» немесе Ялда түні. Бұл есте қаларлық түнге дайындық бірнеше күн бұрын басталып, күздің соңғы түніндегі түнгі рәсімен аяқталады. Ялда түнінде балаларға, әсіресе жаңа түскен келіндерге сыйлық беру Шығыс Әзірбайжан облысындағы Табриз бен басқа да қалалары тұрғындары арасында кеңінен таралған. Қарбыз сатып алу және қызыл алма, анар сияқты қызыл жемістерді пайдалану, жаңғақ, ерекше жаңғақ халуасы мен шоколад дайындау - Шығыс Әзірбайжан халқының Ялда түнінің басқа әдет-ғұрыптары. Үлкендердің үйіне жиналып,  ата-әжелердің  естеліктерін айту Шығыс Әзірбайжан облысы халқының Ялда түні тағы бір ескі әдет-ғұрыптарының бірі.