Бахадори Джахрами: Франция наразылық білдірген халыққа қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуы керек
(last modified Mon, 26 Dec 2022 07:59:09 GMT )
Жел 26, 2022 13:59 Asia/Almaty
  • Бахадори Джахрами: Франция наразылық білдірген халыққа қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуы керек

Иран үкіметінің баспасөз өкілі: «Франция нәсілдік кемсітушілікке наразылық білдіріп жатқан осы елдің халқына қарсы ашық зорлық-зомбылықты тоқтатуы керек»,- деді.

Иран студенттері ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауы бойынша,  Әли Бахадори Джахрами өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Франция үкіметі ең болмағанда Жаңа жыл қарсаңында   ұстамдылық танытып, нәсілдік кемсітушілікке наразылық білдірген осы елдің халқына қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатса екен»,- деп жазды.

Соңғы күндері үш адамның өліміне наразылық білдірген күрдтер мен француз полициясы арасындағы қақтығыстар Парижде көліктердің аударылып өртенуімен, офицерлерге заттар лақтырылуымен және көзден жас ағызатын газдың атылуымен жалғасты.