Амир Абдуллахиан Оман Сұлтанына ИИР Президентінің жолдауын жеткізді
https://itolqyn.com/news/iran-i66536-Амир_Абдуллахиан_Оман_Сұлтанына_ИИР_Президентінің_жолдауын_жеткізді
Иран Сыртқы істер министрі Маскатқа келгеннен кейін Оман Сұлтанына ИИР-ның жолдауын жеткізіп жатқанын айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 28, 2022 13:30 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Маскатқа келгеннен кейін Оман Сұлтанына ИИР-ның жолдауын жеткізіп жатқанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдоллахиан Теһран мен Маскаттың әрқашан қызығушылық танытқан мәселелер бойынша екіжақты аймақтық және халықаралық кеңесулер өткізгенін мәлімдеді. Ол: «Оман билігі екі жақтың көзқарастарын жақындатуда және келісімнің соңғы қадамдарына жетуде әрқашан оң және сындарлы рөл атқарды»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Оманды әртүрлі мәселелер бойынша аймақтық диалогтың орталығы деп санап, Оманның Иранға және аймақтық дағдарыстарға қатысты әрқашан қайырымды рөл атқарғанын мәлімдеді.