Амир Абдуллахиан Оман Сұлтанына ИИР Президентінің жолдауын жеткізді
Жел 28, 2022 13:30 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Маскатқа келгеннен кейін Оман Сұлтанына ИИР-ның жолдауын жеткізіп жатқанын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдоллахиан Теһран мен Маскаттың әрқашан қызығушылық танытқан мәселелер бойынша екіжақты аймақтық және халықаралық кеңесулер өткізгенін мәлімдеді. Ол: «Оман билігі екі жақтың көзқарастарын жақындатуда және келісімнің соңғы қадамдарына жетуде әрқашан оң және сындарлы рөл атқарды»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Оманды әртүрлі мәселелер бойынша аймақтық диалогтың орталығы деп санап, Оманның Иранға және аймақтық дағдарыстарға қатысты әрқашан қайырымды рөл атқарғанын мәлімдеді.