Канани Чафи: Сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне көмектеспейді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Араб және ислам елдерінің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне және Палестина халқының құқықтарын қайтаруға көмектеспейді»,- деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани Чафи і кеше сейсенбі күні аймақтағы кейбір елдердің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру туралы сұраққа жауап беріп, Иранның сионистік режимге және оның заңсыз болмысына қатысты ұстанымы айқын екеніне тоқталып: «Араб және ислам елдерінің бұл режиммен қарым-қатынастарын дамыту және қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке және Палестина халқының құқықтарын жүзеге асыруға ықпал етпейді деп есептейміз,- деп мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Палестина халқының сионистік режиммен қарым-қатынастардың қалыпқа келуін қолдамайтынына сілтеме жасап: «Аймақ халықтары кейбір араб және исламдық үкіметтердің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруді құптамайтынын және қабылдамайтынын көрсетті»,- деді.