Ғарибабади: Француз үкіметі қарсыластарының дауысын зорлықпен өшіреді
https://itolqyn.com/news/iran-i66542
Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы: «Франция үкіметі оппозицияның дауысын зорлық-зомбылықпен өшіруде»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 28, 2022 13:53 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: Француз үкіметі қарсыластарының дауысын зорлықпен өшіреді

Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы: «Франция үкіметі оппозицияның дауысын зорлық-зомбылықпен өшіруде»,- деді.

Иран Студенттер ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауы бойынша, Иран Сот билігінің адам құқықтары жөніндегі штабының хатшысы Казем Ғарибабади Twitter-дегі парақшасында: «Францияда бейбіт шерушілерді қатаң түрде басып-жаншу бұл елдің адам құқықтарына немқұрайлылығының қаншалықты дәрежеде екенін дәлелдейді. Франция үкіметі қарсы дауыстарды зорлық-зомбылықпен өшіреді. Адам құқықтарына қатысты қос стандарттар жаңа бетбұрыс жасады немесе не?»- деп жазды.

Париж полициясының басшысы сенбі күні Францияда тұратын күрдтердің наразылық шерулері мен тәртіпсіздіктері кезінде 11 адамның ұсталғанын және 30-дан астам офицердің жараланғанын хабарлады.