Генерал-майор Мусави: Иран қарулы күштері сионистік режимнің ықтимал қауіп-қатерлеріне батыл жауап береді
Қаң 02, 2023 19:39 Asia/Almaty
Иран армиясының бас қолбасшысы «Зульфақар 1401» бірлескен оқу-жаттығуының соңында ИИР қарулы күштерінің сионистік режимнің ықтимал қоқан-лоққыларына батыл әрі бірнеше есе жауап беретінін айтты.
Генерал Мұсави жаттығулардың әдетте аймақ халықтары мен достас елдерге бейбітшілік пен достық жолдауын жеткізетініне тоқталып: «Иранға жамандық тілейтіндер Иран Ислам Республикасының қарулы күштерінің құндылықтарды, идеалдарды, шекараларды, елді, Ислам республикасының қасиетті жүйесін және аумақтық тұтастығын қорғаудағы міндетінде шынайы екенін, елдің намысын қорғап, кез келген қауіпке табандылықпен жауап беретінін білуі керек»,- деді.
Тегтер