Сардар Сүлейманиді өлтіруге 4 елдің азаматтарының қатысы бар
Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сардар Сүлейманидің өлтірілуі мен шәһид болуының арнайы құқықтық және халықаралық бақылау комитетінің басшысы сардар Сүлейманидің өлтірілуіне 4 елдің азаматтарының қатысы бар екенін қуаттады.
Аббас Әли Кадходаи: «Осы іс бойынша дайындалған айыптау құжатында қылмыстық жағынан алып қарағанда, осы қастандықты орындауда қылмыскер және басқарушы ретінде бірнеше елден келген бірқатар адамдардың есімдері аталған. Саясат пен халықтық дипломатия саласында да бұл істің халықаралық форумдар мен қоғамдық пікірде қалай көтеріліп, қадағаланатыны алдын ала айтылды. Халықаралық форумдарда бұл кешірілмейтін қылмысты жасағандарды қудалау үшін шешімдеріміз бар»,- деді.