Иранның Қорғаныс министрі: Сардар Сүлеймани үшін кек алу қарулы күштердің күн тәртібінде
(last modified Tue, 03 Jan 2023 08:41:11 GMT )
Қаң 03, 2023 14:41 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі: Сардар Сүлеймани үшін кек алу қарулы күштердің күн тәртібінде

Иранның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Қасым Сүлейманидің шәһид болғанының үш жылдығына арналған жолдауында: «Генерал Сүлейманидің қаны үшін кек ешқашан ел қарулы күштерінің күн тәртібінен шығарылмайды. Бұл әрекеті үшін лаңкестер жазаланады»,- деді.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бригада генералы Мұхаммад Реза Аштиани: «Ислам әлемінің сүйіктісі қажы Қасым Сүлеймани, Ислам революциясы жетекшісінің түсіндірмесі бойынша, жеке адам емес, имам Хомейнидің (р.а.) ұлы мектебінің жүрегінен пайда болған және көптеген жастар, шындықты іздеушілер мен шәһид болғысы келетіндер үшін нұрға айналған «мектеп». Тарихтағы ең жаман адамдардың   шәһид қажы Қасем Сүлейманиге жасаған қастандығы оның шындық іздеушілер мен әлемдегі езілген халықтарды қолдауда дұрыс жолды ұстанғанын көрсетеді.