Раиси: Шәһид Сүлейманидің қанының кегі алынатыны анық
ИИР Президенті: «Америкалықтар Иран халқының генерал Қасым Сүлейманидің қанын кешірмейтінін және осы жоғары дәрежелі шәһидтің қаны үшін кек алатынын білуі керек»,- деді.
Иран Президенті Раиси Теһрандағы имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенде генерал Сүлейманидің шәһид болуының 3 жылдығына арналған жиында сөйлеген сөзінде өзгеріс пен әділдікті қалайтын адамдардың өмір сүру мен еркіндіктің себебі екеніне тоқталып: «Сардар Сүлеймани тек Иран халқын ғана емес, әлемдегі мұсылман халықтарын да ойлаған тұлға болды»,- деп баса айтты.
ИИР Президенті халықтың әртүрлі топтары, шәһидтердің отбасылары, ардагерлер, халықаралық қонақтар, елдердің елшілері, жоғары ұлттық және әскери қайраткерлер, халықаралық тұлғалар қатысқан бұл рәсімде: «Шәһид Сүлейманиді еске алу үстемдік және лаңкестікпен күрестің жаһандық бет-бейнесі болып табылады, барлық игі істерді дәріптейді және зұлымдық пен үстемдік жүйесіне жиренішті жариялайды»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті шәһид Сүлейманидің АҚШ-тың әлемдегі үстемдігіне нұқсан келтіргенін қуаттап: «Шәһид Сүлеймани аймақтағы исламдық бірегейлікті қайта құрушы және қайта жаңғыртушы болды»,- деді. Раиси АҚШ-қа және Ислам революциясының басқа дұшпандарына үндеуде: «Сардар Сүлеймани зұлымдық пен шектен шығушылыққа, үстемдік пен билікқұмарлыққа қарсы тұрып, аймақта қарсыласу қозғалысын тудырғандай, бүгінде Иранның сүйікті жастары өмірінің соңғы сәтіне дейін дұшпандарға қарсы тұрады»,- деп қуаттады.