Сардар Сүлейманидің әлемде, әсіресе Азияда танымалдылығы артып келеді
(last modified Thu, 05 Jan 2023 06:04:21 GMT )
Қаң 05, 2023 12:04 Asia/Almaty
  • Сардар Сүлейманидің әлемде, әсіресе Азияда танымалдылығы артып келеді

Генерал қажы Қасем Сүлеймани мен Әбу Мәһди әл-Мохандестің шәһид болғанына үш жыл толуымен бір мезгілде әлемнің әртүрлі аймақтарында рәсімдердің өтуі туралы жарияланған жаңалықтар мен хабарлар бұл ұлы көшбасшының, әсіресе, жастар арасындағы танымалдылығының артқанын көрсетеді.

Осыған байланысты Пәкістанның әртүрлі қалаларында осы елдің діни және саяси тұлғаларының қатысуымен арнайы бағдарламалар өтті. Қарсыласу мектебінің бір топ жақтастары да Түркияның Стамбұл әуежайынан шәһид генерал Қасым Сүлейманидің суреті бар киімдерін киіп, Иранға аттанды.

АҚШ Исламның осы ұлы жетекшісін шәһид ету арқылы Қарсыласу майданы өзінің тиімділігін жоғалтады және Исламның ұлық көшбасшысы Қасым Сүлейманиге жалған айып тағып, оның Ирак пен Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобына қарсы тұруда және осы лаңкестік топтың әрекеттерін тоқтатуда шарықтау шегіне жеткен танымалдылығына нұқсан келтіреді деп ойлады. Қажы Қасым Сүлейманиге қарсы ауыр қылмыс жасаған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сардардың шәһид болуы бүкіл әлемде, әсіресе ислам елдерінде Сүлеймани мектебіне айналатынын және миллиондаған жастың осы мектептің мүшесі болу арқылы қарсыласу  ағымын нығайтады деп ойламаған.

Қалай болғанда да, әлемнің барлық сарапшылары Қасым Сүлейманиге құрмет көрсете отырып, оның шәһид болуын АҚШ-тың, әсіресе ДАИШ-ті жоюдағы Сүлейманидің рөлін жоюға тырысқан Дональд Трамптың әлсіздігі мен сәтсіздігінің белгісі деп санайды. Барлық жаһандық сарапшылардың көзқарасы бойынша, шәһид Сүлейманидің қызметтері ислам елдері мен аймақ үшін маңызды әрі бірегей. Басқа лаңкестік топтармен бірге Американың құралы болып отырған ДАИШ лаңкестік тобының жойылуы Трамп пен оның Ақ үйінің ашуын тудыруы керек екені сөзсіз. Сүлеймани табандылық танытып, аймақтағы елдердің барлық ресурстарын жұмылдыру арқылы ДАИШ лаңкестік тобын жойып, оның Ирак пен Сириядағы ықпалын жоюға қол жеткізді. Жастардың бұл шәһидке бауыр басуына Сардардың үстемшілдікке қарсы болуы себеп болды. Осылайша олар осы асыл шәһидтің жолын жалғастырады.