Иранның Орталық банкіне жасалған ауқымды кибер шабуыл залалсыздандырылды
(last modified Fri, 06 Jan 2023 09:49:47 GMT )
Қаң 06, 2023 15:49 Asia/Almaty
  • Иранның Орталық банкіне жасалған ауқымды кибер шабуыл залалсыздандырылды

Иранның коммуникациялық инфрақұрылым компаниясының басшысы Орталық банкке жасалған ауқымды кибер шабуылдың залалсыздандырылғанын хабарлады.

Амир Мұхаммедзада Ладжаварди әлеуметтік желілердің бірінде: "Бейсенбі күні кешке Иранның Орталық банкі, "Бале" және "Рубика" қосымшалары кибер шабуылға ұшырады. Бірақ оған тойтарыс берілді",-деп жазды.

Мұхаммедзада Ладжаварди: "Қазіргі таңда шетелдік шабуылдардың басым бөлігі Иранның банктері, қаржы институттары, интернет пен коммуникациялық инфрақұрылым ұсынатын компанияларға  бағытталған. Қуанышымызға орай, оларға тойтарыс берілуде",-деді.

Бүгінде кибер шабуылдар бетпе-бет соғыстың орнын басты.