Раиси: Байденнің сөздері – отаршылдық замандағы мәдениетке қайта оралу
(last modified Mon, 09 Jan 2023 13:15:45 GMT )
Қаң 09, 2023 19:15 Asia/Almaty
  • Раиси: Байденнің сөздері – отаршылдық замандағы мәдениетке қайта оралу

Иран Президенті АҚШ Президентінің әлемдегі барлық елдерді америкалықтардың шалбарының жамауына теңеген сөздеріне тоқталып: "Байденнің сөздері – отаршылдық замандағы мәдениетке қайта оралу",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні Министрлер кабинетінің жиналысында: "АҚШ басшылары бұрын да басқа мемлекеттер мен халықтарды қорлай сөйлейтін",-деді.

Раиси: "Байденнің сөздері отаршылдық замандағы мәдениетке қайта оралуды білдіреді. Бұл АҚШ-тың адам құқығы мен әйелдер құқығын қорғау туралы уәждерінің артында айуандық күш пен перғауындық рух жасырынғанын көрсетеді",-деді.  

Иран Президенті сондай-ақ француз басылымының Иран халқының адами құндылықтары мен діни үлгілеріне тіл тигізгенін айыптап: "Азаттық сылтауымен қорлап, тіл тигізу – қорлаушылардың ісі қисынсыз екенін, Иранда бүлік пен тынышсыздық тудыру қастандығының нәтиже бермегенін көрсететін айқын белгі",-деді.