Иранда қатерлі ісік отасына көмекші құрылғы жасалды
(last modified Tue, 10 Jan 2023 11:14:59 GMT )
Қаң 10, 2023 17:14 Asia/Almaty
  • Иранда қатерлі ісік отасына көмекші құрылғы жасалды

Ирандық ғалымдар операция ішілік диагностикалық құрылғыны (CDP) жергілікті етіп, әлемдік нарыққа шығу кезеңіне қадам басты.

Теһран университетінің электронды онкологиялық зерттеулер институтының басшысы профессор Мұхаммад Абдулахад бұл құрылғының жұмыс істеу процесіне қатысты ғылыми-технологиялық дамуды екі тұрғыдан қарастыру керектігін айтты. Профессор Мұхаммад Абдулахад: «Біріншіден, ғылыми жетістік әлемге алғаш рет енгізілсе, екіншіден, бұл ғылыми жетістікті пайдаланып, адамзатқа қызмет етуге болады. Операция кезіндегі диагностикалық құрылғы – адам баласының үлкен ғылыми жетістігі негізінде жасалған құрылғы. Шамамен 80-90 жыл бұрын профессор Варберг алғаш рет сау және қатерлі ісік жасушаларының метаболизмі туралы айтты»,- деді.