ИИР Президенті 1402-ші бюджеттік заң жобасын парламентке тапсырды
https://itolqyn.com/news/iran-i66858-ИИР_Президенті_1402_ші_бюджеттік_заң_жобасын_парламентке_тапсырды
ИИР Президенті болашақ бюджеттегі үкіметтің осьтері мен бағыттары туралы есеп бергеннен кейін елдің 1402-ші бюджеттік заң жобасын Ислам кеңесіне тапсырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 11, 2023 14:05 Asia/Almaty

ИИР Президенті болашақ бюджеттегі үкіметтің осьтері мен бағыттары туралы есеп бергеннен кейін елдің 1402-ші бюджеттік заң жобасын Ислам кеңесіне тапсырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесінің ішкі ережелеріне сәйкес, ИИР Президенті Ибрахим Раиси бюджет заң жобасын тапсырғаннан кейін, Заң жобасы басып шығарылған және таратылған сәттен бастап депутаттар оны қарап шығып, 15 күн ішінде парламенттің мамандандырылған комиссияларына өз ұсыныстарын бере алады. Келесі қадамда мамандандырылған комиссиялар заң жобасын басып шығарғаннан және таратқаннан кейін 15 күн ішінде біріктіру комиссиясына өз есебін ұсынуға міндетті. Біріктіру комиссиясы өзінің қорытынды есебін ұсыну мерзімін Парламент Төралқасының бекітуімен 15 күнге дейін ұзартуға құқылы.