Иран мен Ресей арасындағы сындарлы әскери ынтымақтастық кеңейеді
Иранның Мәскеудегі елшісі Иран мен Ресей арасындағы сындарлы әскери ынтымақтастықтың кеңеюі туралы хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің кешегі, бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Казем Джалали ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатында Теһран мен Мәскеудің әскери қарым-қатынастары туралы: «Иран мен Ресейдің әскери саладағы ынтымақтастығы ортақ мүдделер аясында тұрақты әрі сындарлы түрде нығая түсуде»,- деді. Иранның Ресейдегі елшісі Теһранның Украинадағы соғыс туралы ұстанымына қатысты Иранның Киев пен Мәскеудің қақтығысты тоқтату үшін диалогқа түсуін қалайтынына назар аудартып: «Атысты тоқтату режимін орнатып, саяси және демократиялық шешімге назар аудару қажет»,- деп айтты. Казем Джалали осы сұхбаттың тағы бір бөлігінде Иранға қарсы заңсыз санкцияларды жою үшін Венадағы келіссөздер туралы: «Егер АҚШ күшті саяси ерік-жігер көрсетіп, өзінің ұлттық мүдделеріне және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптарына назар аударса және тез икемділік танытса, біз келісімге қатысты тұрақты шарттарға қол жеткіземіз»,- деп мәлімдеді.