Иран Президенті әйелдердің отбасы және қоғамдағы орнын сақтауды қуаттады
ИИР Президенті әйелдердің отбасы және қоғамдағы орнын сақтауды қуаттады.
Раиси Иранның орталығы Язд қаласында хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күнінде Ислам республикасының көзқарасы әйелдерді тауар ретінде қарастыратын Батыс елдерінің көзқарасынан мүлде басқаша екеніне тоқталып: «Әйел – барлық интеллектуалдық, адамгершілік және практикалық салаларда рөл атқара алатын, отбасында, бала тәрбиесінде тиімді тұлға бола алатын толыққанды адам»,- деді. Раиси ИИР-ның Батыстың әйелдер туралы көзқарасын қабылдамайтынын және оларға тұтыну тауарлары ретінде қарайтын көзқарасты жарамсыз және әйелдерді қорлайтын деп санайтынын баса айтты.
ИИР Президенті батыстықтардың ирандық әйелдерге деген ашуына назар аудартып: «Батыстықтар Ислам республикасының әйелдерге қатысты қалаған үлгісі олардың үлгісіне қайшы келетінінен және әйелдер өздерінің пәктігі мен хиджабын сақтау арқылы әсіресе саяси салада рөл ойнауынан қорқады»,- деп мәлімдеді. Раиси «түрмедегі әйелдердің рекорды бар елдер әйелдерге қалай өмір бере алады?» деген сұрақты көтеріп: «Ресми статистика бойынша орта есеппен олардың полициясы 10 күнде бір әйелді өлтіретіндер, осы күні әйелдердің өмірін талап етушілер»,- деп сөзін жалғады. ИИР Президенті Батыс елдерінің әйелдердің өмірін алуға тырысатынын баса айтып: «28 аптада британдық полиция 81 әйелді өлтірді, мұндай ел әйелдерге өмір сыйлағысы келеді»,- деді.