Амир Абдуллахиан Түркияға аттанды
Қаң 17, 2023 14:46 Asia/Almaty
Бүгін (сейсенбі) Иран Сыртқы істер министрі саяси делегацияның басында түрік әріптесімен кездесіп, сөйлесу үшін Түркияның астанасы Анкараға аттанды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Түркияға сапары алдында журналистер алдында: «Бұл сапарда екіжақты соңғы оқиғалар талқыланады. Сондай-ақ, Ердоған мырза Раиси мырзаны Түркияға ресми түрде шақырды және бұл сапардың шаралары Анкарада жасалады»,- деді.
Амир Абдуллахианның бүгінгі сапары аймақтық диалогтардың жалғасуымен және оның өткен аптада Ливан мен Сирияға сапарынан кейінгі кезеңге сәйкес келеді.
Тегтер