Теһран жұма намазының имамы: Сақшылар корпусы Ислам Республикасының тірегі және күші болып табылады
https://itolqyn.com/news/iran-i67076-Теһран_жұма_намазының_имамы_Сақшылар_корпусы_Ислам_Республикасының_тірегі_және_күші_болып_табылады
Теһран жұма намазының имамы Еуропа парламентінің Ислам революциясы Сақшылар корпусына қатысты заңсыз әрекетін айыптай отырып, Ислам революциясы Сақшылар корпусының ИИР-ның тірегі және күші екенін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 21, 2023 13:56 Asia/Almaty

Теһран жұма намазының имамы Еуропа парламентінің Ислам революциясы Сақшылар корпусына қатысты заңсыз әрекетін айыптай отырып, Ислам революциясы Сақшылар корпусының ИИР-ның тірегі және күші екенін қуаттады.

Қажы Мұхаммад Джавад Әли Акбари Еуропарламенттің Сақшылар корпусына қатысты заңсыз әрекетін айыптап: «Сақшылар корпусы Ислам Республикасының тірегі және күші. Халық Сақшылар корпусы мен исламдық жүйені жақсы көреді, үкімет пен парламент бұл әрекетке лайықты, орынды және шешуші жауап береді»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Акбари  Теһрандағы жұма намазда Еуропарламенттің осы күндері Ислам революциясы Сақшылар корпусын нысанаға алудағы заңсыз әрекетіне тоқталып: «Еуропалық парламенттің әрекетінің маңыздылығы жоқ және олардың мақтан тұтатын Сақшылар корпусын нысанаға алу сөздері маңызды емес»,- деп айтты.