Қаң 23, 2023 13:55 Asia/Almaty
  • Астанада Иран мен Қазақстанның Экономикалық комиссиясының 18-ші отырысы өтеді

Қазақстан басшыларымен кеңесулері және 13-ші үкіметтің мақсатты елдермен, әсіресе көрші елдермен бірлескен экономикалық комиссияларды тиімді өткізу талпыныстарына сәйкес, Иран Ислам Республикасы мен Қазақстанның бірлескен экономикалық комиссиясының 18-ші отырысы 25 және 26 қаңтарда Астана қаласында өтеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің Экономикалық дипломатия  істері бойынша орынбасары  Мәһди Сафари кеше, жексенбіде  Сыртқы істер министрлігінде өткен Экономикалық ынтымақтастық қызметкерлерінің отырысы аясында  аталған мәселеге тоқталып, ол мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінен, әсіресе Ауыл шаруашылығы министрі бастаған Иранның бір топ кәсіпкерлері мен экономикалық белсенділерінен құралған ирандық делегацияның осы аптада Қазақстанға сапар жасайтынына тоқталып, бұл кездесуде банк ісі, көлік және транзит, ауыл шаруашылығы, аумақтан тыс жер өңдеу, сауда көлемін ұлғайту, энергетика, порт кооперациясы және т.б. сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелеріне қол қойылатынын мәлімдеді.

Тегтер