Ливандағы Хизболланың бас хатшысы болған химик - шейх Наим Қасым кім?
(last modified Fri, 10 Jan 2025 15:56:55 GMT )
Қаң 10, 2025 21:56 Asia/Almaty
  • Ливандағы Хизболланың бас хатшысы болған химик - шейх Наим Қасым кім?

ParsТoday - Шейх Наим Қасым – азаматтық құқықтар, әйелдің мәртебесі, ұстаз мәртебесі, шәкірт мәртебесі, ер мен әйелдің құқығы, ата-ананың бала алдындағы міндеттері, т.б салаларда көптеген еңбектердің авторы.

Ливан Хизболласының бас хатшысы шейх Наим Қасым 2020 жылы 3 қаңтарда АҚШ шабуылы салдарынан шәһид болған генерал Қасым Сүлеймани мен Әбу Мәһди әл-Мухандистің шәһид болғанының бес жылдығына орай сөйлеген сөзінде: «Қарсылық жалғаса береді және қарсылық басшылығы қашан және қалай қарсы тұру керектігін, қарсыласу әдістерін және ол қолданатын қаруды анықтайды»,- деді.

ParsТoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан Хизболласының Бас хатшысы: «Кейбіреулер қарсыласу шегінді дейді, бірақ қарсыласу күшті сенім, ол күшейіп, тамыр жайды»,- деп баса айтты.

Шейх Наим Қасымның өз сөздеріндегі сөйлеу мәнері бұқаралық ақпарат құралдарында кең көрініс тапты. «Рай Ал-Яум» газеті осы тұрғыда былай деп жазды: «Наим Қасымнің сөзі Израильді таң қалдырады және Хизболланың айтқанынан қайтпайтынын көрсетеді».

Сейед Хасан Насролла шәһид болғаннан кейін Ливан Хиболласының Бас хатшысы болған шейх Наим Қасым кім?

Наим бин Мухаммад Наим Қасым 1953 жылы ақпанда Оңтүстік Ливандағы Набатье провинциясының Кфар Фила қаласында дүниеге келген. Үйленген, 6 баласы (төрт ұл, екі қыз) бар.

Исламға деген қызығушылық оны жасөспірім шағында ислам кітаптарын үйренуге итермелеп, 18 жасында мешітте діни сабақтар ұйымдастырып, апта сайын балалар мен жасөспірімдерге сабақ өткізеді.

Әрине, шейх Наим Қасымның қызығушылығы тек ислам ғылымдарымен ғана шектеліп қалмады, сонымен қатар ол химияға да қызығушылық танытты. Наим Қасым Ливан университетінде француз тілінде химия бойынша бакалавр дәрежесін және 1977 жылы осы университетте химия магистрі дәрежесін алды, содан кейін ол 6 жыл бойы мемлекеттік орта сыныптарда сабақ берді және мұғалім болып жұмыс істеді.

Наим Қасым университеттегі білімімен қатар Ливан семинариясында дінтану пәнін де оқыды.

1970 жылдардың басында Наим Қасым діни белсенділік пен исламдық ойларды университеттер мен мектептерде жеткізу мақсатында бір топ жастармен бірге «Ливандық мұсылман студенттері одағын» құрды.

Шейх Наим Қасым 1974 жылы имам Мұса Садрдың сол кезде Ливанның бір бөлігін басып алған сионистік басқыншыларға қарсы тұру үшін Амал қозғалысын құруынан кейін «Мүлксіздер қозғалысы» деп аталатын осы қозғалыстың әскери бөліміне қосылды.

1982 жылы Ислам комитеттерінің жиналыстарынан кейін Ливан Хизболласы құрылды және Наим Қасым оның құрылуында рөл атқарған ең көрнекті белсенділердің бірі болды.

Содан кейін ол Ливан Хизболла кеңесінің мүшесі болды және онда үш мерзім қалды. Осыдан кейін оған Бейруттағы оқу-ағарту және барлау жұмыстарының жауапкершілігі жүктелді, содан кейін ол осы партияның атқарушы кеңесінің депутаты қызметін атқарды.

Содан кейін 1991 жылы Хизболла Бас хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды және Сейед Хасан Насролла шәһид болғанға дейін осы қызметті атқарды.

2024 жылдың 27 қыркүйегінде Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла сионистік режимнің Бейруттің оңтүстік маңындағы аудандарына жасаған әуе шабуылынан кейін шәһид болды.

2024 жылдың 29 қазанында, Сейед Хасан Насралланың шәһид болғанынан бір ай өткен соң, Ливан Хизболласы Наим Қасымды партияның бас хатшысы етіп сайлады.

Шейх Наим Қасым Ливан Хизболласының Бас хатшысы ретіндегі алғашқы сөзінде табандылық, күш пен жеңіс, сионистік басқыншылардың қарсыласуын жалғастыру және шарттарын қабылдамау, атысты тоқтату мен келіссөздерді қолдау сияқты бірнеше жолдау жолдады.

Шейх Наим Қасымның жеке сайтында былай делінген: «Ол  діни биліктің саяси-діни теориясына және соның нәтижесінде Ислам революциясының жетекшісі имам Сейед Әли Хаменеидің велаятына сенеді».

Шейх Наим Қасым – азаматтық құқықтар, әйелдің мәртебесі, ұстаз мәртебесі, шәкірт мәртебесі, ер мен әйелдің құқығы, ата-ананың бала алдындағы міндеттері, т.б салаларда көптеген еңбектердің авторы.

Ол имам Хомейни туралы «Әл-Имам әл-Хомейни түпнұсқалық пен жаңару арасындағы» атты маңызды кітап және аятолла Имам Хаменеи туралы «Әл-Уәли әл-Мәждид» кітабын жазды. 

Сондай-ақ оның еңбектерінің бірі – 2002 жылы жазылған және парсы тілінде жарық көрген «Хезболла: Әл-Манхаж – әл-Тақаба – әл-Мустақбал» (Ливан Хизболласы; оның саясаты, өткені және болашағы) атты кітабы, Ағылшын, француз, түрік, урду және индонезия тілдеріне аударылған.

«Имам Хусейн (ғ.с.) ұлы Имам Зейн әл-Абидиннің заңдарына түсініктеме» кітабы Ливан Хезболласының Бас хатшысының басқа еңбектерінің бірі болып табылады.

Жалпы, шейх Наим Қасым Ливан саяси сахнасының орталық тұлғасы және Хизболладағы рөлі мен саяси ағымдар арқылы Ливан сахнасына ықпал етуді жалғастыруда деп айтуға болады.

Көптеген сарапшылар Ливан Хизболласының Бас хатшысы шейх Наим Қасыммен бірге маңызды өзгерістерді бастан кешіріп, көрнекті іс-әрекеттер жасайтынына сенеді.