Канани: АҚШ екіжүзділігінің ұзақ тарихы бар
(last modified Mon, 23 Jan 2023 09:05:07 GMT )
Қаң 23, 2023 15:05 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың тәртіпсіздіктер тәжірибесіне тоқталып, Американың екіжүзділігінің ұзақ тарихы бар екенін қуаттады.

Насер Канани, бүгін,  дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктер саласындағы американдық процедура туралы: «Американың екіжүзділігінің Иран Ислам революциясының ғұмырында 40 жылдық ұзақ тарихы бар және бұл елдің Иран,   Ислам Республикасы жүйесі және Иран халқына қатысты әрқашан қате, конструктивті емес және жойқын саясаттары болды»,- деді. IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Канани Иран мен Америка арасындағы тұтқын алмасу туралы: «АҚШ үкіметінің түрмелеріндегі жалған сылтаулар мен айыптаулармен ұсталған ирандық тұтқындардың, соның ішінде Американың Иран халқына қарсы санкцияларын айналып өтті деп ұсталған ирандық тұтқындар азат етіліп, мүмкіндігінше тезірек отбасыларына қайтарылуы үшін Иран шынайы түрде қажетті шараларды қабылдауға дайын»,- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сондай-ақ Оңтүстік Кореяның Иран алдындағы қарызын өтеу  үәдесінде тұрмауы туралы: «ИИР-ның Оңтүстік Кореядан қойған қаржылық талаптары Иран халқының заңды құқығы болып табылады және бұл талаптардың тақырыбы мен оларды төлеу қажеттілігі басқа мәселеге немесе басқа жағдайға қатысты емес»,- деді.