Канани: Еуропаның келіссөздерді аяқтауды кейінге қалдыруы қалаған нәтижеге қол жеткізуге кедергі болды
https://itolqyn.com/news/iran-i67178-Канани_Еуропаның_келіссөздерді_аяқтауды_кейінге_қалдыруы_қалаған_нәтижеге_қол_жеткізуге_кедергі_болды
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Санкцияларды жою жөніндегі келіссөздердегі жақсы ілгерілеушілікке қарамастан, Еуропаның қорытындылауды кейінге қалдыруы нәтижеге келуге кедергі болды»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 25, 2023 13:16 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Санкцияларды жою жөніндегі келіссөздердегі жақсы ілгерілеушілікке қарамастан, Еуропаның қорытындылауды кейінге қалдыруы нәтижеге келуге кедергі болды»,- деді.

Насер Канани Iran Press-ке берген арнайы  сұхбатында: «Иранның ішкі дамуын ескере отырып, Еуропа оны сыртқы саясатта құрал ретінде пайдаланып, үкімет пен ұлт арасында алшақтық туғызуға тырысты. Олар Иранның ішкі оқиғаларына назар аударып, оны келіссөздер процесіне қосу арқылы ұпай жинауға тырысты»,- деп айтты. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «АҚШ пен Еуропа санкцияларды құрал ретінде пайдаланғанымен, Иран оны динамикалық дипломатиямен жеңді, оның оң әсерін Иранның көршілерімен және Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынастарынан көруге болады»,- деп қуаттады.