Мәртебелі жетекшінің мұғалімдерді қабылдауында сөйлеген сөзі
Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иранның келешек ұрпағын тәуелсіз және діндар етіп тәрбиелеуді қуаттады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иранның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған мұғалімді қабылдауында келешек ұрпақты тәуелсіз, абыройлы, діндар және ерен ерекшеліктерге ие етіп тәрбиелеуді білім мен тәрбие органы мен мұғалімдердің үлкен міндеті деп атап: «Егер қоғам осындай ерекшеліктермен қалыптасса, мұнайсыз қарсыласу экономикасы, тәуелсіз мәдениетке ие болу, тұтыну үлгісін түзету және артық талаптар алдындағы төзімділік пен қарсыласудың мағынаға ие болатындығы даусыз» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи келешек ұрпақты тәрбиелеу үшін халықаралық үстемшіл жүйе атты қарсыласқа тап болып отырғанымызды қуаттап: «Кейбіреулер білім мен тәрбие органы мен халықаралық үстемшіл жүйенің арасында қандай байланыс бар деп таңдануы мүмкін. Шын мәнінде үстемшіл жүйе ұлттардың, әсіресе Иран халқының жас буыны үшін жоспар құрған» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі АҚШ, сионизмнің капиталистері және кейбір кеудемсоқ үкіметтерді халықаралық үстемшіл жүйенің белгісі деп атап: «Үстемшіл жүйе мемлекеттердің келешек ұрпағының әлемдік мәселелерде өздері қалайтын пікір мен мәдениет, көзқарас пен талғамы болуын және түбінде көрнекті тұлғалар мен саясаткерлер және ықпалды кісілердің өздерінің қалауы бойынша әрекет жасағанын қалайды» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи отаршылдардың осы мәдени бағдарламасының ұзақ тарихына сілтеме жасап: «Батыс ойшылдары 19- шы ғасырдағы отаршылдық жорықтардың орнына ең үздік және шығыны аз тәсіл мемлекеттердің жас буынына өздерінің ойы мен мәдениетін таңып, үстемшіл жүйенің сарбаздары сияқты әрекет жасайтын көрнекті тұлғаларды тәрбиелеу екенін талай айтқан» деді.
Хазірет аймақтағы кейбір үкіметтерді үстемшілдік жоспардың айқын мысалы деп атап: «Осы үкіметтер қазір Американың қалағанын істейді, тіпті оның барлық шығынын да өздері төлеп, ешқандай артықшылыққа да ие болмайды. Тек соның есесіне америкалықтар осы үкіметтерді қорғап, олардың құлауына кедергі болады» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи сондай- ақ сөзінің келесі бөлімінде АҚШ Конгресінде Иранның теңіз жаттығуларына қарсы талқыланып жатқан жобаларға сілтеме жасап: «Бүгінде дұшпандар өктем сөйлегісі келеді. Мәселен, Иран Парсы Шығанағында әскери жаттығу жасамауы керек деп жобалайды. Олардың айтатындары бос сөздер» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі ислам республикасының өміршеңдігі мен күн сайын күшеюін дұшпандар саясатының сәтсіздікке ұшырағанының нышаны деп атап: «Дұшпан бізден әрдайым қорқытатындай өзімізді дайындауымыз керек» деді.