Иранның оңтүстігінде 2500 шетелдік бала вакцинацияланды
Қаң 26, 2023 17:35 Asia/Almaty
Иранның оңтүстігіндегі Бушер облысының Канган ауданына қарасты Денсаулық сақтау департаментінің басшысы шетелдік балаларды қызылша мен сал ауруларына қарсы вакцинациялау науқаны аясында 2521 балаға вакцина салынғанын хабарлады.
Мұхаммед Мирхаджи: "Шетелдік балаларды қызылша мен сал ауруларына қарсы вакцинациялау науқаны 1 қаңтардан бастап Бушер облысының Канган ауданы мен басқа да аудандарда жүргізіліп жатыр",-деді.
Тегтер