Үкімет өкілі: Ел экономикасының өсімі 5 пайыздан асты
ИИР үкіметінің баспасөз өкілі елдің экономикалық өсімі бес пайыздан астамға жеткенін қуаттады.
Үкімет өкілі Әли Бахадори Джахрами: «Өткен 44 жылда жүйенің ант ішкен жаулары Иран халқына қарсы түрлі ақпарат құралдары мен үгіт-насихат соғыстарын жүргізді. Олар елдің ең кішкентай осал тұстарын бар күшімен ұлғайтып, тіпті ілгерілеушілікке күмән келтірді»,- деді. Бахадори Джахрами: «Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасы өткен 44 жылмен салыстырғанда медицина, халықтық білім, әскери, қорғаныс, технология, нанотехнология және ғылымның әртүрлі салаларында орасан зор және маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Жүйенің алға жылжуы Иран халқының құрбандық және қарсыласу мәдениетінің нәтижесі»,- деп мәлімдеді.