Қаң 31, 2023 12:39 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің (р.а.) қасиетті кесенесі мен Бехешт-Заһра зиратының шәһидтер  Гүлзарында болды

Ислам революциясының жетекшісі Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің қасиетті кесенесіне барып, Иран халқының ұлы көсемін еске алып, құрметін білдірді.

Ислам революциясының  жетекшісі   аятолла Хаменеи бүгін (сейсенбі) таңертең Ислам революциясының жеңісінің  44 жылдығы қарсаңында Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының қасиетті кесенесіне барып, намаз бен Құран оқып, Иран халқының ұлы көсеміне құрметін білдірді.

Ислам революциясының  жетекшісі Бехешти, Раджаи, Бохонар мен 1360 жылы 7 шілде оқиғасы кезінде шәһид болғандардың қабірлерін де зиярат етті.  Содан кейін революция жетекшісі шәһидтер  Гүлзарына барды.

Ертең,  сәрсенбі  хиджра-шамси күнтізбесінің 1401 жылы 12 баһман, сәйкесінше  2023 жылдың 1 ақпаны Иран Ислам революциясының қасиетті «Фаджр» онкүндігі басталуы.

Тегтер