Раиси: Ұлттық мерекені салтанатты түрде атап өту – халықтың үмітін арттырып, дұшпанның сағын сындырады
https://itolqyn.com/news/iran-i67376-Раиси_Ұлттық_мерекені_салтанатты_түрде_атап_өту_халықтың_үмітін_арттырып_дұшпанның_сағын_сындырады
Иран Президенті Исламдық үгіт-насихатты үйлестіру кеңесінің міндетін маңызды күндерге назар аударып, революциялық жолды жоғалтып алмауға әрекет ету деп атап: "22 бахман сынды рәсімдерді атап өту жолды жоғалтпау үшін және біреулер халыққа қате жол нұсқамауы үшін керек",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 02, 2023 19:32 Asia/Almaty
  • Раиси: Ұлттық мерекені салтанатты түрде атап өту – халықтың үмітін арттырып, дұшпанның сағын сындырады

Иран Президенті Исламдық үгіт-насихатты үйлестіру кеңесінің міндетін маңызды күндерге назар аударып, революциялық жолды жоғалтып алмауға әрекет ету деп атап: "22 бахман сынды рәсімдерді атап өту жолды жоғалтпау үшін және біреулер халыққа қате жол нұсқамауы үшін керек",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бүгін, бейсенбі Ислам революциясының Фаджр онкүндігін ұйымдастыру штабының мүшелерімен кездесуінде имам Джавад (ғ.) пен имам Әлидің (ғ.) туған күндерімен, сондай-ақ Фаджр онкүндігінің басталуымен құттықтап, Исламдық үгіт-насихатты үйлестіру кеңесі мен Фаджр онкүндігін ұйымдастыру штабының іс-шараларын түсіндіру джиһадының үлгілері деп атады.

Раиси дұшпандардың үздіксіз күрделі кедергілер тудырып, қысым жасап жатқанына тоқталып, үкіметтің елді дамытуға және халықтың қиыншылықтарын шешуге күш салып жатқанын айтып: "Үкімет бір жағынан санкцияларды жоюға қатысты келіссөздерде абыройлы ұстаным ұстап отыр, басқа жағынан елді дұшпанның талап-тілегіне телміртіп отырған жоқ. Экономиканың әртүрлі салаларында жаңа жолдар ашып, аймақтық және көршілес елдермен қарым-қатынасты қайта жандандырып, санкцияларды залалсыздандыру үшін сыртқы сауданы дамытуға талпынып жатыр",-деді.