Иран үкіметінің баспасөз өкілі: Елдің басқаруы ядролық келіссөздерге қатысты емес
Ақп 04, 2023 11:10 Asia/Almaty
Иран үкіметінің ақпарат өкілі мемлекеттік басқарудың ядролық келіссөздерге қатысты емес екенін мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әли Бахадори Джахрами кеше, жұма күні Құм қаласындағы Фаджр онкүндігіне қатысты саяси отырыста: «Үкімет келіссөздерді төрт-бес елмен ғана шектемей, барлық елдермен, әсіресе көршілес елдермен экономикалық байланыс орнатуға талпынуда»,- деді. Бахадори Джахрами елдің соңғы онжылдықтардағы жетістіктеріне тоқталып: «Бүгінде Иран әскери саладағы ұлы державалардың біріне айналды және осы үрдіспен бұл өсу мен ілгерілеу басқа салаларда да жалғасады»,- деп мәлімдеді.
Тегтер