Раиси: Хойда болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің қиыншылықтарын шешуге бар күшімізді салуымыз керек
Хой ауданына барған Иран Президенті: "Зардап шеккендердің қиыншылықтарын шешуге бар күшімізді салуымыз керек",-деді.
28 қаңтарда Иранның Батыс Әзірбайжан облысында 5,9 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы 175 мың тұрғыны бар Хой қаласының оңтүстік-шығысынан 23 км жерде тіркелді. Жаңа статистикалық мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі салдарынан 3 адам қаза тауып, мыңнан аса адам жараланды.
Иран Президенті Ибрахим Раиси Хойға кіре берістегі Валиаср қалашығының төтенше жағдай лагерін аралап, халыққа көңіл айтып: "Сіздердің жағдайларыңызды біліп, қиындықтарды тез арада шешу үшін келдім",-деді.
Иран Президенті: "Аудан халқы бос қауесеттерге құлақ аспасын, көңіл бөлмесін",-деді.
Раиси Хой халқының Ислам революциясы мен ИИР жүйесін ұдайы қолдап, революция жолында көп шәһид бергенін айтып: "Бұл ауданның халқы шынайы да шыншыл. Иран үкіметі мен жауапты басшылары осы халыққа көмектесуді өз міндеті санайды",-деді.
Иран Президенті зардап шеккендердің жағдайымен танысу барысында аудан халқы, Сақшылар корпусы, Басидж күштері, Қызыл жарты ай қоғамы мен барлық жедел жәрдем қызметі мен джиһадтық күштердің талпыныстарына алғыс айтты.