Хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығына орай көңіл айтылды
(last modified Tue, 03 May 2016 09:29:28 GMT )
Maм 03, 2016 15:29 Asia/Almaty
  • Хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығына орай көңіл айтылды

Исламдық Иранның халқы әлем шиіттерінің жетінші имамы хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығына орай аза тұтуда.

Бүгін, сейсенбі, х.қ.ж.с.б. 1437 жылдың ережеп айының 25-жұлдызы, сәйкесінше 2016 жылдың 3 мамыры – шиіттердің жетінші имамы хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы.

Имам Мұса Казем (ғ.) әкесі хазірет имам Джафар Садықтың (ғ.) көптеген ғалымдардың басын қосқан үлкен ғылыми мектебінде білім алып, әкесінің парасатты тәлімінің арқасында діндарлық, табандылық, ержүректік пен әділеттік талап ету сияқты жоғары ақлақтық сипаттар мен қасиеттерге ие көрнекті тұлғаға айналды.

Сол кездегі Аббаси халифтерінің бірі Харун Аббаси халықтың хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.) білімі мен парасатының шексіз теңізінен пайдалануын қаламай, қастандық жасап, хазіретті х.қ.ж.с.б. 183 жылы 55 жасында зынданда улап, шәһид етті.

ИИР Телерадио бірлестігі имам Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығына орай барша мұсылмандарға, әсіресе шиіттер мен осы хазіретті жоқтаушыларға көңіл айтады.