Ақп 06, 2023 21:42 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Ислам революциясының жетекшісі рақымшылық жасауға бұйрық беріп, дұшпандардың жоспарына тосқауыл қойды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Ислам революциясының жетекшісі рақымшылық жасауға бұйрық беру арқылы дұшпандардың алданған наразы жастар мен жасөспірімдерді ұйымдасқан бүлікшілерге айналдыру жоспарына тосқауыл қойды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф дүйсенбі күні Мәжілістің ашық жиналысының басында: "Ислам революциясының жеңісі күні қарсаңында Ислам революциясы жетекшісінің соңғы кездегі оқиғаларға қатысты айыпталғандар мен сотталғандардың айтарлықтай бөлігіне рақымшылық жасауға және жазаларын жеңілдетуге бұйрық беруі оның өз балаларына деген әкелік махаббатының тағы бір қырын көрсетті",-деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Аятолла Хаменеи оқиғалардың басынан-ақ толқуға еріп алданған адамдарды бүлікті ұйымдастырушылардан бөліп алды. Рақымшылық беру арқылы осы қатынасын іс жүзінде көрсетіп, ұлттық бірлік пен тілеулестікті қайта қалпына келтіріп, қоғамның жарасын емдеуде теңдессіз рөл атқарды",-деді.     

Тегтер