Иран Әскери-әуе күштерінің жерасты әуе базасы ашылды
https://itolqyn.com/news/iran-i67500-Иран_Әскери_әуе_күштерінің_жерасты_әуе_базасы_ашылды
ИИР Әскери-әуе күштері «Уқаб 44» (Бүркіт 44) деп аталатын алғашқы жер асты әуе базасын көрсетті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 08, 2023 12:46 Asia/Almaty

ИИР Әскери-әуе күштері «Уқаб 44» (Бүркіт 44) деп аталатын алғашқы жер асты әуе базасын көрсетті.

Иран армиясының Қарулы күштер Бас штабының басшысы Мұхаммад Бақери мен ИИР армиясының бас қолбасшысы Сейед Абдулрахим Мусави «Уқаб 44» әуе базасын аралады.

Иран армиясының «Уқаб 44» әуе базасы әскери-әуе күштерінің  барлық түрін жойғыш және бомбалаушы ұшақтарды, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын қабылдау және басқару мүмкіндігіне ие. «Уқаб 44» операциялық әуе базасы дабыл, командалық пункт, истребительге техникалық қызмет көрсету ангарлары, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету орталықтары, навигациялық және әуежай жабдықтары, жанармай цистерналары және т.б. инфрақұрылымдарымен тағайындалған миссияларды орындау үшін Иран Әуе күштерінің барлық түрін қабылдау мүмкіндігіне ие. Бұл үлкен жер асты базасы сонымен қатар Иран Әуе күштерінің жаңа истребителдерін қабылдау және жедел пайдалану мүмкіндігіне ие болады.