«Хайям» жерсерігінің алғашқы суреттері
Ақп 08, 2023 13:28 Asia/Almaty
Иранның ғарыш ұйымы «Хайям» жерсерігінің алғашқы суреттерін жариялады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран ғарыш ұйымы жариялаған суреттерге сәйкес, «Хайям» спутниктік түсірілімінің дәлдігі бір метрді құрайды.
600 кг салмағы бар «Хайям» спутнигі 2022 жылы 9 тамызда «Союз» зымыран тасығышымен 500 км орбитаға ұшырылды. Иран ғарыш ұйымының мәлімдемесіне сәйкес, 5 жыл бойы ол жіберген деректер мен суреттер ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, қоршаған орта, су ресурстары, шахталар мен шекараны бақылау және төтенше жағдайларды басқару және қорғаныс күштері салаларында қолданылады.