«Хайям» жерсерігінің алғашқы суреттері
https://itolqyn.com/news/iran-i67508-Хайям_жерсерігінің_алғашқы_суреттері
Иранның ғарыш ұйымы «Хайям» жерсерігінің алғашқы суреттерін жариялады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 08, 2023 13:28 Asia/Almaty

Иранның ғарыш ұйымы «Хайям» жерсерігінің алғашқы суреттерін жариялады.

Иран  Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран ғарыш ұйымы жариялаған суреттерге сәйкес, «Хайям» спутниктік түсірілімінің дәлдігі бір метрді құрайды.

600 кг салмағы бар «Хайям» спутнигі 2022 жылы 9 тамызда «Союз» зымыран тасығышымен 500 км орбитаға ұшырылды. Иран ғарыш ұйымының мәлімдемесіне сәйкес, 5 жыл бойы ол жіберген деректер мен суреттер ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, қоршаған орта, су ресурстары, шахталар мен шекараны бақылау және төтенше жағдайларды басқару және қорғаныс күштері салаларында қолданылады.