Канани: Сионистік режим Иранға қарсы әскери қимыл жасауға қауқарсыз
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Сионистік режим Иранға қарсы әскери қимыл жасауға қауқарсыз",-деді.
Насер Канани дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында сионистік режим мен АҚШ-тың әскери маневрі туралы: "Сионистік режим Иранның өз қауіпсіздігіне қарсы басқыншылық әрекеттерге қатаң жауап беретінін талай рет көріп, дәмін сезді",-деді.
Канани: "АҚШ – сионистік режимнің одақтасы әрі нағыз демеушісі. Сондықтан осы режимнің әрекеттеріне жауап беруі керек",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тағы антиреволюциялық жиындарда Савактың азаптаушысы Парвиз Сабетидің жүргеніне тоқталып: "Адам құқығын қорғаймыз деп уәж айтатын елдер қылмыскерлер паналайтын жерге айналды. Ауыр қылмыстар жасаған адам демократия деп кеуде соғатын елдің төрінде отыр",-деді.