Түркияда ирандық көмек көрсету топтары тәулік бойы әрекеттенуде
https://itolqyn.com/news/iran-i67642-Түркияда_ирандық_көмек_көрсету_топтары_тәулік_бойы_әрекеттенуде
ИИР Қызыл жарты ай қоғамы топтарының Түркияның оңтүстігіндегі жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы құтқару жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 14, 2023 12:46 Asia/Almaty

ИИР Қызыл жарты ай қоғамы топтарының Түркияның оңтүстігіндегі жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы құтқару жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияның оңтүстігінде Рихтер шкаласы бойынша жеті және сегіз балдық қорқынышты жер сілкінісінің орын алуына байланысты Иран көрші ел ретінде түрік жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Иранның Қызыл жарты ай қоғамының Түркияның оңтүстігіндегі жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы құтқару топтврының жетекшісі Исмаил Искандаридің айтуынша, кейбір жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардың, соның ішінде Адиаман қаласының  80 пайызының қирағанын ескере отырып, Иранның көмек көрсету және құтқару топтарының Түркияның зілзаладан зардап шеккен аймақтарындағы операциялары сәтті болды.

ИИР Қызыл жарты ай қоғамының 120-ға жуық адамдық құтқару жасақтары Түркияның зілзаладан зардап шеккен аймақтарына толық құрал-жабдықтармен жіберілді.