Иран мен Қытай билігі арасында ынтымақтастық туралы 20 құжатқа қол қойылды
https://itolqyn.com/news/iran-i67656-Иран_мен_Қытай_билігі_арасында_ынтымақтастық_туралы_20_құжатқа_қол_қойылды
ИИР мен Қытайдың жоғары лауазымды тұлғалары арасындағы ынтымақтастық құжатына екі ел президенттерінің қатысуымен қол қойылды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 15, 2023 11:30 Asia/Almaty

ИИР мен Қытайдың жоғары лауазымды тұлғалары арасындағы ынтымақтастық құжатына екі ел президенттерінің қатысуымен қол қойылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси мен Си Цзинпиннің қатысуымен екі елдің жоғары лауазымды қайраткерлері ИИР мен Қытай арасындағы 20 ынтымақтастық құжаты мен түсіністік меморандумына қол қойды.

Дағдарысты басқару, туризм, коммуникация және ақпараттық технологиялар, қоршаған орта, халықаралық сауда, зияткерлік меншік, ауыл шаруашылығы, экспорт, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, спорт және мәдени мұра салаларындағы өзара түсіністік  Иран Ислам Республикасы мен Қытай билігі арасында қол қойылған құжаттардың қатарында.

Осы кездесуден бұрын Қытай Халық Өкілдері Бүкілқытайлық Жиналысы ғимаратында Қытай төрағасы Ибрахим Раисиді ресми қарсы алу рәсімі өтіп, ИИР Президенті мен оның делегациясының құрметіне  зеңбіректен 21 рет оқ атылды.