ИИР Президенті: Теһран-Бейжің қарым-қатынастарын нығайту әлемдік қауіпсіздікті ілгерілетуде тиімді
ИИР Президенті қытайлық әріптесімен кездесуінде екі елді қиын кезеңде дос деп санап, Теһран мен Бейжің арасындағы байланыс пен достықтың нығаюы аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі үшін тиімді екенін баса айтты.
Ибрахим Раиси сейсенбі күні Қытай төрағасы Си Цзинпиңмен кездесуінде екі елдің әртүрлі экономикалық, сауда, ғылыми-технологиялық және мәдени салалардағы қарым-қатынастарын кеңейту қажеттігін қуаттап, Иран мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік жан-жақты құжатының жүзеге асырылуын аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты тұрақтандырудың маңызды шарасы деп атады. Иран Президенті: «Иран Ислам Республикасы мен Қытайдың дұшпандарының екі елдің қарым-қатынастарын нығайту мен кеңейтуге қарсылығына қарамастан, тараптардың жақсы басқаруымен бұл қарым-қатынастар үлкен жетістіктерге жетті»,- деді.
Бұл кездесуде Қытай төрағасы Си Цзинпиң Иран мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тоқталып, екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік құжатының жүзеге асырылуын екі елдің қарым-қатынастарын тереңдету мен кеңейтуде өте тиімді деп туып: «Қытай Иранмен қарым-қатынасты дамытуға сенеді»,- деді.
Қытай Президенті осы отырыстағы сөзінің тағы бір бөлігінде Қытай үкіметінің Иранға инвестиция салғысы келетін компанияларға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеп: «Қытай үкіметі Иранмен сауда және транзит және мәдени байланыстар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға толық дайын»,- деп баса айтты.