Ақп 17, 2023 01:59 Asia/Almaty
  • Раиси: Қытайға сапар Иранның халықаралық сауда-экономикалық мәселелерді шешуде ықпалды рөл ойнауы үшін маңызды болды

Иран Президенті өз елінің аймақ пен әлемде экономика саласында әсерлі рөл ойнауы тиістігін айтып: "Қытайға сапар Иранның халықаралық сауда-экономикалық мәселелерді шешуде ықпалды рөл ойнауы үшін маңызды болды. Өйткені бұл ел әлемдегі ең ірі экономикалардың бірі ретінде Азия мен халықаралық сахнадағы сауда және экономикада маңызды рөл ойнайды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні Иранға келер алдында Қытайға сапардың нәтижелері мен жетістіктері туралы сұхбатында имам Мұса бен Джафардың (ғ.) шәһид болған күніне орай көңіл айтып, Алла елшісінің (с.ғ.с.) пайғамбарлыққа таңдалған күнімен құттықтап: "Екі ел қарым-қатынасының стратегиялық деңгейі келіссөздерді де стратегиялық сипатқа енгізді. Сол себепті қос тарапты қызықтыратын тақырыптар, әсіресе сауда-экономикалық мәселелер жете талқыланды",-деді.

Ибрахим Раиси ИИР-дың сыртқы саясатын көршілес елдермен қатынаста сенім тудыру және Азияда экономикалық интеграцияны қолдау деп атап: "Бұл сапар осы тұрғыдан өте маңызды болды. Соның негізінде екі ел арасында сауда-экономикалық келісімдер орындалатын болады. Сондықтан екі ел басшысының қатысуымен 20 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды",-деді.

Тегтер