Шахшырақ кесенесі – Шираз қаласының көрнекті жері
(last modified Fri, 17 Feb 2023 12:58:51 GMT )
Ақп 17, 2023 18:58 Asia/Almaty

Алла елшісінің (с.ғ.с.) ұрпағы имам Мұса Каземнің (ғ.) ұлы хазірет Ахмет бен Мұсаның (ғ.) кесенесі Шираз қаласында орналасқан. Кесене – Иранның ең маңызды зиярат орындарының бірі.

Жыл сайын Аһл-е бейтті сүйетін жүздеген мың адам хазірет Ахмет бен Мұсаның (ғ.) кесенесін зиярат етіп, осы қасиетті жерден рухани нәр алып, имамның Алла алдындағы биік орнына арқа сүйеп, одан тілектерінің орындалуына жәрдемдесуін сұрап, дұға жасайды.