Иран: Есфахак тарихи ауылы
(last modified Mon, 20 Feb 2023 16:21:58 GMT )
Ақп 20, 2023 22:21 Asia/Almaty

Есфахак тарихи ауылы Иранның Оңтүстік Хорасан облысындағы Табас ауданында орналасқан. Ол "саз, су және айна" ауылы деген атпен танымал.

Ауылдағы үйлер балшық пен саз кірпіштен салынған. Тартымды тарихи-туристік мақсат саналатын ауылға туристер көп келеді. 1978 жылы Табаста жер сілкінісі болса да, ауылдың табиғаты керемет тартымды. Тауға жақын орналасқан ауылдың ауа райы жазда қоңыржай, қыста салқын.