Ақп 22, 2023 13:27 Asia/Almaty

Иранның орталығындағы Язд қаласында 16-шы мамандандырылған ирандық қолдан тоқылған кілемдер көрмесі өтуде.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы күндері Иран өнерінің әуесқойлары үшін Язд халықаралық көрмесінде әлемнің түкпір-түкпірінде танымал және ерекше ирандық қолдан тоқылған кілем түрлері қойылды.  16-шы мамандандырылған қолмен тоқылған кілемдер көрмесінде Табриз, Наин, Исфахан, Құм, Язд, Шахруд, Теһран және Горган қалаларының  кілемдері және кілем картиналары ұсынылды.