Нишапурдың туристік тартымдылықтары
(last modified Thu, 23 Feb 2023 11:36:53 GMT )
Ақп 23, 2023 17:36 Asia/Almaty

Нишапур – Иранның шығысында орналасқан Хорасан-е Разави облысындағы маңызды қалалардың бірі. Қала Биналуд тауының етегінде орналасқан.

"Нишапур" атауы алғаш рет Авестада "тау мен абадтанған қала" мағынасында келтірілген. Кейбір тарихи мәтіндерде Нишапур қаласы "Әбәршәхр" (Алыпқала) деп аталған.

Қазіргі таңда Нишапур – Иранның солтүстік-шығысындағы маңызды тарихи, мәдени, туристік және өнеркәсіптік орталықтардың бірі. Бұл қала Иран тарихы мен мәдениетінің символдарының бірі болып танылған.