Санандадждың Дар-ул-Ихсан мешіті
"Дар-ул-Ихсан мешіті" деген атпен де танымал Санандадждың орталық мешіті Иранның Күрдістан облысындағы Санандадж қаласында Қаджарлар заманынан қалған маңызды діни ғимараттардың бірі.
Мешітте екі шығыс және оңтүстік терраса, шығыс террасаның үстіндегі қысқа мұнаралар, орталық аула, оның айналасында 12 құжыра, 24 бұралған тас бағандардан тұратын шабестан-намаз оқитын зал бар.
Дар-ул-Ихсан мешітін мешіт-медресе деп санауға болады. Өйткені мешіттің бір бөлігі діни ғылым үйренетін шәкірттерге арналған. Мешіттің оңтүстік бөлігінде негізгі аула орналасқан. Мешіт өте күрделі жобамен нақышталған жеті түсті керамикалық тақташалар, мәрмәр жақтаулар, эмальданған кірпіштер, тас хауыз, әдемі субұрқақтар және арқандай иірілген бағандармен көмкерілген.