Иранда Жастар және спорт министрі мінген тікұшақ құлады
https://itolqyn.com/news/iran-i67896-Иранда_Жастар_және_спорт_министрі_мінген_тікұшақ_құлады
Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман облысының Бафт ауданында Жастар және спорт министрі мінген тікұшақ спорт алаңына қонар кезде құлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 24, 2023 18:39 Asia/Almaty

Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман облысының Бафт ауданында Жастар және спорт министрі мінген тікұшақ спорт алаңына қонар кезде құлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жастар және спорт министрі Хамид Саджади мінген тікұшақ бейсенбі күні Бафт ауданының спорт алаңына қонар кезде құлады.

Құлаған тікұшақта 16 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Олар ауруханаға жеткізілді.

Осы оқиғада Иранның Жастар және спорт министрінің кеңесшісі Исмаил Ахмади қаза тапты.