Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Хузистан облысында Карун атом стансасы салынады
https://itolqyn.com/news/iran-i67902
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Иранның оңтүстік-батысындағы Хузистан облысында өз күшімізбен Карун атом стансасы салынады",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 24, 2023 21:04 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Хузистан облысында Карун атом стансасы салынады

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Иранның оңтүстік-батысындағы Хузистан облысында өз күшімізбен Карун атом стансасы салынады",-деді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Салами бейсенбі күні кешке Хузистан облысындағы Дархойн Шадган қаласында сөйлеген сөзінде дұшпандардың іріткі салу арқылы ИИР-дың дамуын тоқтата аламыз деп ойлайтындарын айтып: "Қазіргі таңда бүкіл ислам үмбеті ширк күштерге қарсы тұр. Үмбет жеңуі үшін шәһид болу мен жан пида ету рухына ие болуы қажет",-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Шәһидтердің есімдерін есте сақтау мақсатында Карун атом стансасын Шадган ауданында өз күшімізбен саламыз. Сонда Иран бұл салада шетелдіктерге мұқтаж болмайды",-деді.